
Қуандық Рахым — 1992 жылы 9 қыркүйекте Сәтбаев қаласында туған қазақстандық әнші. Қуандықтың анасы кезінде Жезқазған өңіріне танымал әнші болған.
Жалпы тыңдарманға «МузАрт Live» жобасы арқылы танылған. Найман тайпасы, Бағаналы руынан шыққан. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің дәстүрлі ән бөлімінде (Қарағанды), кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (Алматы) білім алған.
Әнші эстрадалық жанрда өнер көрсетіп, «Сенің күлкіңнен аумайды», «Ай жүрегім», «Қалай да», «Аппақ жүрегің», «Болайық бірге» сияқты көптеген танымал әндерімен тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленген. 2020 жылы шаңырақ көтеріп, туған қаласы Жезқазғанға келін түсірген. 2022 жылы қыз сүйіп, әке атанған.
Бүгінде Қуандық Рахым Қазақстандағы ең танымал эстрада әншілерінің бірі болып табылады. Ол елдің әр өңірінде концерттер беріп, әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы миллиондаған тыңдарманымен байланысын үзбей келеді.
